Еліміз 71 млн тонна мұнайды экспорттамақшы

483
Биыл еліміз 90,5 млн тонна мұнай өндіріп, оның 72 млн тоннасын экспортқа жібермек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай деді.

2023 жылы мұнай өндіруді 90,5 млн тонна деңгейінде, ал мұнай экспортын 71 млн тонна деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда. Мұнай айналымын бақылау үшін мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол бүгінгі таңда мұнай айналымының 95%-ын бақылауға мүмкіндік береді, - деді министр.


Оның сөзіне қарағанда, мұнай өндіру саласында еліміздің 3 негізгі кен орнында ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жалғаса береді.

Теңіз кен орнындағы Келешек кенішін кеңейту жобасы жүзеге асырылуда. Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын 2023 жылы аяқтау және Келешекті кеңейту жобасын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Ол мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жұмыстардың жалпы ілгерілеуі - 96%, - деді Болат Ақшолақов.