Қазақстанда балмұздақ бағасы 33 пайызға қымбаттаған
Биыл елімізде балмұздық пен тағамдық мұз бағасы 33 пайызға шарықтаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ENEGRYPROM-ға сілтеме жасап.
Биылғы қаңтар-мамыр аралығында балмұздақ пен тағамдық мұз өндірісі 19,7 мың тонна болып, бір жыл ішінде өндіріс көлемі бірден 40,3%-ке артқан.
2023 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша, балмұздақ бір айда 5%-ке қымбаттады.
Салыстыру үшін айта кетсек, былтыр мамырда балмұздақ бағасы 2,7%-ке ғана артқан болатын.
Өңірлер бойынша, Алматыда баға тек 1,1%-ге өссе, Түркістан облысында 19,7%-ке қымбаттады.
Балмұздақ бағасы Алматы облысы мен Астанада да айтарлықтай өскені байқалады - 18,2% және 10,9%.
Ал Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермеген.
Бір жыл ішінде балмұздақ бағасы бірден 32,7%-ке қымбаттады, бұл кейінгі жылдарда тіркелген ең көп өсім. Өңірлер бойынша, Батыс Қазақстан облысында баға 79,7%-ке, Астанада 68,4%-ке, Алматыда 44,7%-ке артқан.
Баға шамалы ғана көтерілген аймақтар – Павлодар облысы (жылына 7,7%), Абай облысы (13,6%) мен Алматы қаласы (18,6%).