Елімізде қымыз өндірісі 9% төмендеп, сиыр сүті, май, сүзбе және қаймақ 19% қымбаттаған

650
2022 жылы Қазақстанда 1,5 мың тоннадан аса қымыз өндірілген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл – 2021 жылмен салыстырғанда, 154 тоннаға аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір елімізде бұл ұлттық сусынның өндірісі 9%-ға қысқарып отыр.

Бірақ шұбат өндірісі айтарлықтай өскен. 2022 жылы оның 2,5 мың тоннасы өндірілді десек, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 191 тоннаға артық.

Жалпы, сүт өнімдерінің бағасы өсті. Өткен жылдың жазынан бастап сиыр сүті, май, сүзбе және қаймақ 19% қымбаттаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.