6 ай күтпей-ақ пәтер алуға болады: Отбасы банк жаңа механизм ұсынды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИОтбасы банк 15 қазаннан бастап құрылыс компанияларымен бірлесіп, аралық заем бойынша жаңа несиелеу тетігін іске қосты, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Жаңа шарт бойынша клиенттер депозитте қаражатты кемінде алты ай сақтау және ең төменгі бағалау көрсеткішін жинау міндетінсіз-ақ баспана ала алады.

Жаңа бағдарламаның алғашқы серіктесі ретінде BI Group компаниясы таңдалды. Құрылыс компаниясы Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларында 600 пәтерді сатылымға ұсынады. Сонымен қатар банк қазіргі уақытта «SAT NS» және «QazaqStroy» компанияларымен тиісті келісімдер рәсімдеп жатыр, олармен серіктестіктің нақты басталғаны туралы кейінірек қосымша хабарланады.

Кредит алу үшін қарыз сомасының 50%-ы көлемінде Отбасы банкте депозиті және құрылыс компаниясының бронь қойылғаны туралы растау хаты болуы шарт. Аралық заем бойынша мөлшерлеме жылдық 8,5%-ды (ЖТСМ – 9-дан 9,6%-ға дейін) құрайды, ал кейіннен бұл пайыз 3,5–5%-ға дейін төмендейді. Баспана алу үшін азаматтар алдымен құрылыс салушының сату бөлімінен пәтерді брондап, растау құжатын алған соң, Отбасы банктің бөлімшесіне немесе бейнебайланыс арқылы өтініш бере алады.

Банктің стандартты ережесі бойынша аралық заем алу үшін бағалау көрсеткіші кемінде бес болуы қажет еді. Оған қол жеткізу үшін салымшы қаражатты депозитте ең азы алты ай бойы сақтауы талап етілетін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.