Қайрат Келімбетов елімізде АЭС салуға қатысты пікір білдірді

378
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов елімізде атом электр стансасын салуға қатысты пікір білдірді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Атом электр стансасы геосаясаттың құралы екендігін білеміз. Ал технологиялар – бұл біздің қауіпсіздігіміз, жайлылығымыз. Бірақ саясат емес. Дегенмен, Қазақстан атом энергетикасын енгізу мүмкіндігін зерделеп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұрақты даму үшін атом энергетикасы қаншалықты тиімді екендігін тыңғылықты әрі байыппен зерделеуді өтінгендігін білемін. Алайда, сөз болашақ технологиясы, көміртегі бейтараптылығы жайында болған кезде меніңше, орта мерзімді келешекте мүлдем жаңа технологияларды көріп қалуға тиіспіз», - деді ол Астана клубының 6-отырысында.

Оның атап өтуінше, мұндай жаңа технологиялар дамушы елдердің де сатып алуына қолжетімді болуы қажет.

«Бұл ретте проблеманы шешудің революциялық емес эволюциялық әдістері қажет. Меніңше, Қазақстан күнтәртібі Қытай мен Үндістанның күнтәртібіне жақындап қалды. Технологияларды дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Мәселен, бізде көміртегі тұтқышына қатысты өте үлкен қызығушылық бар», - деді Қайрат Келімбетов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.