Инновациялық навигатор 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізеді

2 668

Фото: 24.kzИнновациялық навигатор 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұлу жылында елімізде аймақтық жұмыспен қамту карталары бекітілді. Оның аясында 948 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бұл меже 89%-ға орындалды. Сондай-ақ 9,6 мың жұмыссыз азамат үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Жалақыны субсидиялау бағдарламалары да белсенді жүзеге асырылып жатыр. Соның арқасында 180 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Ал кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін "Бастау Бизнес" жобасы жалғасын тапты. Мансапты жоспарлауға және сұранысқа ие мамандықтарға назар аударуға көмектесетін «Mansap Compasy» платформасы да жемісті іске асып жатыр. Ал инновациялық навигаторымен 150 мың жұмыс орны ашылатын 755 инвестициялық жобаға мониторинг жүргізіледі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.