Сарапшылар: "Мұнайдың баррелі $100 дейін өседі"

391
Биыл күзге қарай мұнай құны 100 АҚШ долларына дейін баруы мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Goldman Sachs сарапшылары осындай болжам жасады.

Олардың айтуынша, бағаның өсуіне негіз бар. Біріншіден, ұсыныс аз. Қазір тәулігіне жарты миллион баррельден аспай тұр. Ал сұраныс жоғарылап келеді. Коронавирустың омикрон штамы экономикалық белсенділіктің артуына айтарлықтай кесірін тигізген жоқ. Ал экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында мұнай қоры минималды деңгейге түсіп кетті. ОПЕК+ ұйымында резервтік қуаттылық төмендеді. Осының бәрі қара алтынның тапшылығына әкеліп, бағаның өсуіне ықпал етеді.

Айта кетейік, қазір Брент маркалы мұнай 88 доллар 70 цент шамасында саудаланып жатыр.