Рөлге ие бола алмай қалған: мотоцикл апатынан ер адам қайтыс болды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИБатыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 қазан күні шамамен сағат 18.40-та Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолының 142-шақырымында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші SONLINK мотоциклін мотодулығасыз айдаған. Содан Мәстексай ауылына бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, мотоцикл аударылған.

— Ер адам алған жарақаттары салдарынан медициналық мекемеде көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодесінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.