Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан жылына 7 миллион тонна бидай экспорттайды

375
Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиттінде Қазақстанның жылына 7 тонна бидай өндірілетінін туралы айтты деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан аграрлық секторды экологияландыруды және орнықты дамытуды қолдайды. "Еліміз бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Біз негізгі тежеуші факторларға қарамастан, майлы дақылдар экспортын 1 миллион тоннадан асырдық. Дегенмен, азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан орнықты болуға тиіс", – деді президент. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік жүйелері жөніндегі саммиттінде сөз сөйлегенін жазған едік.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.