QR-мен төлем жасау Қазақстандағы ең танымал есеп айырысу түріне айналды
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы QR-кодпен төлем жасау алғаш рет POS-терминал арқылы есеп айырысу көлемінен артқанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нақты мәнде QR-төлем көлемі 7,3 трлн теңге, ал POS-терминал арқылы төлем 7,2 трлн теңге болды. Сарапшылардың пайымынша, мұндай үрдіс QR-код арқылы төлем жасаудың қарапайымдылығы, қолайлығы және үнемділігі үшін жалғаса береді. Дегенмен, 2024 жылыдң 1 шілдесіндегі дерекке сәйкес, қазақстандықтардың қолында әлі де 78,1 млн дана төлем картасы болуы ықтимал.
Естеріңізге сала кетейік, барлық банк үшін бірыңғай QR-код ұлттық жүйесін 2025 жылы іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде ел тұрғындары кез келген банк қосымшасымен кез келген QR-код арқылы төлем жасай алатын болады.