Елімізде су үнемдеу жабдықтарын шығаратын бес зауыт салынады

2 710

Фото: gov.kzЕлде су үнемдеу жабдықтарын шығаратын бес зауыт салынады,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл жобаларды Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге түрік және қытай компаниялары жүзеге асырады. Аталған кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын жасайды. Қазір елде төрт отандық зауыт жұмыс істеп тұр. Астанадағы зауыт жаңбырлатып суару машиналарын жасаса, Түркістан облысы мен Алматы қаласындағы кәсіпорындар тамшылатып суару жабдықтарын шығарады. Кейінгі жылдары Су ресурстары және ирригация министрлігі диқандарды заманауи су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында бірнеше субсидия түрін енгізді. Соның арқасында былтыр елде 158 мың гектар егіс алқабына су үнемдейтін жүйелер енгізілді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.