Ұлттық қордан қаражат неге тағы алынып жатыр
243
Ұлттық экономика министрі «ұлттық қордан қайта-қайта ақша ала беру қаншалықты орынды? Жинақталған қаражаттің түбі көрініп қалмай ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ол Ұлттық қордың міндеті келешекке қор жинаумен шектелмейтінін жеткізді.
«Біріншіден, бұл шаралардан болып тірнектеп жинаған қаражаттың түбі көрініп қалмайды. Ұлттық қордың активтері бойынша бұрынғы деңгейде қаламыз. Оның үстіне біз Ұлттық қордың жалпы өнімге қатысты төменгі шегін көтереміз. Бұлшама жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан кем болмауы керек. Біз Ұлттық қордан ақшаны Мемлекет басшысының қаңтардың басынан бері жүктеген тапсырмаларын іске асыруға аламыз. Сондай-ақ, түрлі бағдарламалық құжаттарға бөлеміз», - деді Әлібек Қуантыров.
Сондай-ақ, ол Ұлттық қордың міндеті келешекке қор жинаумен шектелмейтінін жеткізді.
«Ұлттық қордың бірнеше функциясы бар. Жинақтау, инвестициялау және дағдарысқа қарсы функциялары бар. Яғни, бұл – қалыпты процесс, контрциклдік бюджет саясаты», - деді ведомство басшысы.