Қарашада азық-түлік бағасы қай өңірде күрт өсті?

650
Ұлттық статистика бюросы қараша айында азық-түлік қай өңірде ең көп қымбаттағанын мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Өңірлер бөлінісінде ең жоғары айлық инфляция қараша айында Ақмола облысында тіркелді – 2% (республикалық деңгей – 1,4%).

Азық-түлік тауарлары бір айда қатты қымбаттаған өңір – Ұлытау облысы – 2,4%, республикалық деңгейден төмен көрсеткіш Маңғыстау облысында – 1%.

Қараша айында азық-түлікке жатпайтын тауарлар Ақмола облысында ең көп қымбаттады – 2,4%. Ал ақылы қызметтер бойыншабағаның ең үлкен өсімі Маңғыстау облысында тіркелді – 2,1%.Бұл ретте ақылы қызметтер Қостанай облысы (0,3%) және Алматы қаласында (0,1%) арзандады.

Азық-түлік тауарларының ішінде нан-тоқаш өнімдері мен жармалар Шымкентте 2,2%, Жамбыл облысында 2,2%, ет және ет өнімдері Солтүстік Қазақстан облысында – 2,5%, майлар Ұлытау облысында 3%, жеміс пен көкөніс Астанада 7,7% қымбаттады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.