Қазақстан газ қолжетімді елдер арасындағы рейтингте көш бастады

392

Қазақстан газ қолжетімді елдер арасындағы рейтингте бірінші орынды иеленді. Ал екінші орында Ресей орналасқан, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына  сілтеме жасап. 

Рейтингте тек газ бағасы ғана емес, тұрғындардың орташа жалақысы да есепке алынған. 

"Газдың қол жетімділігі бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленді. Мұнда орта деңгейлі тұрғын өзінің орташа айлық жалақысына 8,6 мың текше мерт газ сатып алады. Қазақстанда жалақы жоғары емес, дегенмен рейтингтегі өзге елдермен салыстырғанда газ арзан. Екінші орында Ресей орналасты, мұнда тұрғын 7,4 мың текше метр газ сатып ала алады", – делінген рейтингте. 

Алғашқы бестікте Ұлыбритания, Люксембург пен Австрия бар. Бұл елдердің азаматтары жалақыларына 3,9 мыңнан аса текше метр газ ала алады. 


Рейтинг соңына Молдова жайғасқан. Орташа табысқа тұрғындар тек 858 текше метр газ алады. Бұл Қазақстанмен салыстырғанда 10 есеге аз. Молдовадан бөлек ең төменгі орындарда Болгария, Грекия мен Босния және Герцеговина бар. Бұл елдердің тұрғындары 1,4 мың текше метрге жетер-жетпес газ ала алады.