Қырғызстан қазақ диқандарына жарты млрд текше метр су береді
Қазақстан биыл суару маусымында Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Биыл суару маусымында елімізге Қырғызстаннан Шу өзені арқылы 180 млн текше метр және Талас өзенімен 380 млн текше метр су келеді.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов құрамына қос мемлекеттің өкілдері кіретін Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-ші отырысында тиісті келісімге қол жеткізді.
Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы нысандарын жөндеу-қалпына келтіру жұмысының түрлері мен көлемі туралы да келісімге келді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары елімізге «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы 922 млн текше метр су беру жөнінде мәміле жасаған болатын.