Ақпаннан бастап Қазақстанда электр қуатының бағасы қымбаттауы мүмкін

2 654

Фотоколлаж: Әбілқасым ЕсентаевҚазақстанның энергетика министрлігі «Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтына электр қуатының жаңа шекті тарифтері туралы бұйрықтың жобасын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

Осы бұйрыққа сай, қуат өндіретін 36 компания 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап тарифтерді өзгерту туралы өтініш қалдырған. Кәсіпорындар бұның негізгі себебін мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы артады деген фактормен байланыстырып отыр.

«Өндірістегі персоналдың жалақысын көтеру мәселесі: 2024 жылы орташа жалақы 18%-ға артып, 425 мың теңге болды. 2025 жылы жалақы одан әрі 15-20% өседі деген жоспар бар. Энергетика секторы білікті персоналдың тапшылығына тап болғанын атап өткен жөн. Энергетика кәсіпорындарында қазір 52,5 мың адам жұмыс істейді», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұйрықтың жобасы 2025 жылдың 22 қаңтарына дейін талқылауда болады.