Ресей Қазақстанға электр энергиясын жеткізеді

262
Қазақстан мен Ресей елімізге электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанға электр энергиясын жеткізу бойынша қандай да бір шешімдер немесе мерзім қабылданды ма?" - деген сұрақ Нұр-Сұлтандағы Каспий құбыр консорциумы мүшелерінің кездесуінен кейін Ресей вице-премьеріне қойылды.

"Негізі, иә. Бірақ компаниялар бір-бірімен коммерциялық келісім-шарт жасасуы керек, олар келіссөз жүргізуі керек. Негізінде мұндай сұраныс бар және негізінен жеткізу мүмкіндіктері де бар. Бұл туралы бүгін және кеше сөйлестік. Сондықтан, біздің компаниялар жақын арада келіссөз жүргізеді", - деп жауап берді Новак.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.