Салық түсімдері 7,1 трлн теңгені құрады - Қаржы министрі

468
Мәжілістің жалпы отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев еліміздің  былтырғы бюджет кірістеріне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.                                     

«Трансферттерді есепке алмағанда кірістер бойынша жоспар 156 млрд теңгеге асыра орындалды. Бюджетке 7,4 трлн теңге түсті. Салық түсімдері 7,1 трлн теңгені немесе жоспарға қарағанда 102,1 пайызды құрады. Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы корпоративтік табыс салығына (225 млрд теңге), шикі мұнайға экспорттық кеден бажына (89 млрд теңге) және импортқа қосылған құн салығына (41 млрд теңге) тиесілі болды», - деді Е. Жамаубаев.

 Оның айтуынша, экономикадағы іскерлік белсенділіктің біртіндеп жандануы, салық әрі кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мен цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс салық түсімдерін ұлғайтудың маңызды факторларының бірі болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.