Биыл Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді

2 666

Фото: istockphoto.com2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай 17,9 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл қаңтар-қарашада Қазақстанда 16,7 млн тонна мұнай өңделді. Жоспардың орындалуы – 102% (жоспар – 16,4 млн тонна).

Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 17,9 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтіледі. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық.

Мұнай өнімдерін (бензин, дизель отыны, мазут, авиакеросин, битум) өндіру 2024 жылғы қаңтар-қарашада 13,1 млн тонна болды, жоспарлы көрсеткіш 100% болды.

Елімізде мұнай өңдеу саласын дамыту 2024-2040 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту арқылы қолдау татпы. Бұл аталған саланың Қазақстанның экономикалық өсуі үшін стратегиялық маңызы зор.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.