Қазақстан Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай экспорттамақ

1 718
Энергетика министрі Болат Ақшолақов сәуір айында тағы 20 мың тонна мұнай жөнелту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Достық» туралы айтсақ, алғашқы партия кеткенін білесіздер. Екінші партиясы наурыз айында 20 мың тонна болады. Нақты қашан екенін қазір айту қиын. Құжаттарды рәсімдеп жатырмыз. Алғашқы партия 300 мың тонна болады деп келіскенбіз – айына 20 мың тоннадан. 20 мың дегеніміз дәл сол келісімнің міндеттемесіне сәйкес келеді. Сонда айына орта есеппен 20 мың тонна деген сөз, - деді Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында.

Еске сала кетейік, Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді. Наурызда да бұл елге дәл осындай көлемде қара алтын экспортталмақ.