Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумы арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр

830
Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Каспий құбыр консорциумы» акционерлік қоғамы бұрын хабарлағандай, Новороссийск қаласы Приморск аудандық соты судьясының 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен «ҚҚК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды.

Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, «ҚҚК-Р» АҚ судья қаулысының орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді.

Консорциум Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық бұзушылықтарды жою үшін Ресейдің тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр

Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды «КҚК-Р» АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау штаттық режимде жүзеге асырылуда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.