Қазақстан 2028 жылдан бастап жаңа жүк электровоздарын өзі өндірмек

2 664

Фото: пресс-службы АкордыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының №1 индустриялық паркіндегі электровоз құрастыру зауытын аралап көрді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұл заутты Индустрияландыру картасы аясында Францияның Alstom компаниясы іске қосқан.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Зауытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысымен 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы жасалған. Сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектері өндіріледі. Бұдан бөлек, жүк электровоздарының 80 секциясы Әзербайжанға экспортталған. Қазір кәсіпорын нарыққа локомотив корпустары, трансформаторлар, төмен және жоғары вольтты шкафтар және басқа да өнім түрлерін ұсынады.

«Жаңа жүк электровоздарының өндірісі 2028 жылдан бастап іске қосылады», - деп хабарлайды Ақорда.

Қазір Alstom компаниясы Астана, Алматы, Шу және Арыс қалаларында сервистік орталықтар ашуға инвестиция құйып жатыр. Бұл 700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы теміржолға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын отандық кәсіпорындардың өнімдері көрмесін аралады. Қазір елімізде 600-ден астам компания теміржол саласына арналған бөлшектерді өндірумен айналысады. Олардың өнімдері мен қызметі 25 елге экспортталған.

Электровоз құрастыру зауытында еңбек ететін жас мамандармен жүздесуде Президент 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғанын еске салып, мемлекет өндіріс саласында жұмыс істейтін жастарға қолдау көрсете беретінін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.