Кәсіпкерлердің қызметкері үшін МӘМС пен зейнетақы қорына ақша аударатын төлем мөлшері бекітілмек

1 300

Кәсіпкер қызметкері үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын төлем мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құжатта жазылғандай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізетін біріңғай төлемдер саласындағы келесі қызметтер үшін мына мөлшерде төлем алынады:


  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша бюджетке бірыңғай төлемнің сомасын бөлу және аудару – 136 теңге 5 тиын (1 төлем үшін);
  • Бірыңғай төлемнің қате немесе артық төленген сомаларын қайтаруды – 2020 теңге 41 тиын (1 төлем үшін).


Тоқтала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл қызметтерді тек өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке кәсіпкерлер үшін көрсетеді. Яғни, олардан өз қызметкерлеріне тиісті аударымдары жасау кезінде белгіленген сомма алынады.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрық-жобасы 6 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.