Елімізде электр энергиясымен қамту үшін қандай шара қабылданып жатыр
365
ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде электр энергиясы қажеттілігін қамту мақсатында қандай шараның қабылданып жатқаны туралы айтып берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Биылғы жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру сағатына 112,3 млрд кВт-ты құрап отыр. Тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға өсті. Осы орайда қазан-қараша айында 0,25 млрд кВт көлемінде электр энергиясының тапшылығы байқалды. Аталған тапшылық Ресей Федерациясының энергия көздері есебінен өтелді. 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруді сағатына 141,2 млрд кВт-қа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, ел экономикасының электр энергиясына деген қажеттілігін өтеу мақсатында өндірісті 11 ГВт-қа дейін жеткізу міндеті тұр. Ол міндетке жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қайта жаңғырту, жаңа станциялар салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін іске қосу арқылы қол жеткізілмек», - деді М. Мырзағалиев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, биыл елімізде жаңартылатын энергия көзін өндіретін 19 нысан іске қосылды.
«Отын-энергетикалық кешені саласында жалпы сомасы 29,8 трлн теңге болатын 157 жобаны іске асыру жоспарланған. Министрлік белгіленген жоспарларды орындау үшін және алынған міндеттемелер шеңберінде мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Бүгінгі күні біздің министрлік 2030 жылға дейінгі еліміздің отын-энергетикалық кешенін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірледі», - дейді ведомство басшысы.