Ауыл шаруашылығы министрлігіне игерілмеген жерлерді тартып алу құзыреті берілмек

1 308

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірқатар жаңа міндеттер жүктелмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылғандай, енді ведомствоға мына функциялар беріледі:



  • Қазақстанның шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынастарын дамытуды қамтамасыз етеді;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындау;
  • инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасайды және астық нарығын дамыту және оның тұрақтылығын сақтау жөнінде өзге де шаралар қабылдайды;
  • ҚР заңнамасына сәйкес, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;
  • ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
  • мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою;
  • егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар ҚР жер заңнамасын бұза отырып, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, онда оларды тоқтата тұрады.


Үкімет қаулысы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.


Кейін Премьер-Министр қол қойып, құжат құқықтық-нормативтік актілер порталында жарияланған соң 10 күн өтіп, күшіне енеді.