САҒЫНБАЕВ ЕРЖАН: «ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА ҚЫТАЙ ЕЛІНЕН АРНАЙЫ МАМАНДАР КЕЛДІ»
825
Қызылорда облысында «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ Баспасөз конференциясында су жаңа ашылған шыны зауыты және алдағы атқарылатын жұмыстары туралы мәлімет берді,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Кәсіпорын жылына 197, 1 мың тонна, тәулігіне 600 тонна өнім өндіретін болады. Бұл арқылы сырттан алатын өнімге тәуелділік азаяды. Зауытта арнайы шет елдің технологиялары қолданылады. Өндірілген өнімдердің 70% Қазақстанда қалса, қалған 30% шет елге экспортталады. Сонымен қатар шыны өндіру барысында 90% жергілікті шикізат пайдаланылады. Яғни, Шымкенттен 2 мың тонна шыны сынықтары алынса, Жаңақорған мен Аралдан кальцийленген сода алынатын болады. Кәсіпорынға керекті арнайы мамандар Қытай елінен келген және қаңтар айында Ресейден білім алған жастар арнайы мамандардың тәжірибесі арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылады.
Сонымен қатар, бұл шыны зауытынан бөлек екінші рет зауыт салу жоспарлануда. Яғни, алдағы жоспарланған зауытта гаджеттерге арналған, күн сәулесінен қуат күшін алатын арнайы шыны мен компьютерлерге арналған шынылар өндірілетінін тілге тиек етті. Келесі жылы құрылысын бастайтын екінші шыны зауытының маңайынан арнайы цехтар ашылуы жоспарлануда. Ал, цехта SAMSUNG, LG компаниялары келіп өздеріне керек заттарды өлшеп кесіп алып кететіндігін айта кетті. Жоспарланған екінші зауытқа қосымша инвестиция қарастырылған және оның құрылысына орташа есеппен 150 млн доллар жұмсалып, 500-ге жуық тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы 4-5 жылда 1000 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған.
журналист,
Ғалия ЕРЖАНҚЫЗЫ
«Ең алдымен сіздерді ҚР Тәуелсіз елдің 30 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысында шыны зауытының ашылуымен құттықтаймын. Шыны зауытының іске қосылуы біздің еліміздің және оның ішінде экономикамыздың дамуына зор серпін береді. Зауыттың құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Құны 42,01 млрд. теңгені құрайтын жоба 226 адамды жұмыспен қамтитын болады. Өндірілген өнімнің 30% сыртқа экспортталады. Зауыт кеше ғана ашылса да 2 жобаны қолға алып үлгердік. Екеуін де жобалау сатысында шынының қазіргі сапасына байланысты арнайы жер телімдерін бөлдік. Компазиттік материалдар өндірісіне байланысты Ресеймен жұмыс жасап жатырмыз. Ал Қайнар өндірісіне байланысты Германиямен жұмыс жасап жасалып жатыр»
- деді Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Сұлтангереев Ринат Қалдыбекұлы.Кәсіпорын жылына 197, 1 мың тонна, тәулігіне 600 тонна өнім өндіретін болады. Бұл арқылы сырттан алатын өнімге тәуелділік азаяды. Зауытта арнайы шет елдің технологиялары қолданылады. Өндірілген өнімдердің 70% Қазақстанда қалса, қалған 30% шет елге экспортталады. Сонымен қатар шыны өндіру барысында 90% жергілікті шикізат пайдаланылады. Яғни, Шымкенттен 2 мың тонна шыны сынықтары алынса, Жаңақорған мен Аралдан кальцийленген сода алынатын болады. Кәсіпорынға керекті арнайы мамандар Қытай елінен келген және қаңтар айында Ресейден білім алған жастар арнайы мамандардың тәжірибесі арқылы тұрақты жұмысқа орналастырылады.
«Қызылорда қаласындағы шыны зауытының ашылуымен құттықтаймын. Бұл зауыттан шыққан өнімдерді басқа елге жіберуді қолға алып жатырмыз. Аз уақыттың ішінде жақын елдерді санамаған да, Үндістан, Ауғанстаннан арнайы тапсырыстар келіп жатыр. Басқа елдерде 5 жылдан кейін шынының сапасы жоғалса, бағасы төмен түсіп кетеді. Ал біздің зауыттан шығатын шынының сапасы 15 жылға жарамды. Өзінің шекті мерзімі өткеннен кейін арнайы техникаларды жаңартып отырамыз. Қазақстандағы ең мықты Қызылорда қаласының шыны зауыты болады деген үміттеміз»
- деді «Орда Гласс ЛТД» ЖШС басқарма төрағасы Сағынбаев Ержан.Сонымен қатар, бұл шыны зауытынан бөлек екінші рет зауыт салу жоспарлануда. Яғни, алдағы жоспарланған зауытта гаджеттерге арналған, күн сәулесінен қуат күшін алатын арнайы шыны мен компьютерлерге арналған шынылар өндірілетінін тілге тиек етті. Келесі жылы құрылысын бастайтын екінші шыны зауытының маңайынан арнайы цехтар ашылуы жоспарлануда. Ал, цехта SAMSUNG, LG компаниялары келіп өздеріне керек заттарды өлшеп кесіп алып кететіндігін айта кетті. Жоспарланған екінші зауытқа қосымша инвестиция қарастырылған және оның құрылысына орташа есеппен 150 млн доллар жұмсалып, 500-ге жуық тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады. Жалпы 4-5 жылда 1000 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған.
журналист,
Ғалия ЕРЖАНҚЫЗЫ