Жол-көлік оқиғасы: 8 адамның өмірі қиылды

1 524

Фото: Видеодан скриншотАлматы облысында сегіз адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде 29 қыркүйекте болған жол апатының кадрлары пайда болды. Видеода көліктердің бөлшектері тас жол бойына шашылып жатқаны және жақын маңда адамдардың жатқаны түсірілген. Видео авторы олардың бірнешеу жан тапсырғанын да айтады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының Алматы-Бішкек тас жолының 107-шақырымында болғанын хабарлады.

"Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Алған жарақаттарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жатқызылды. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса сақ болуға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.