Елімізде енді төрт түлікке жарық шағылыстырғыш таңба салынады
452
Елімізде үй жануарларын жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбалап қоятын болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап
Мақсат - республикалық маңызы бар автожолдардың апат қаупі бар учаскелеріндегі қауіпсіздікті арттыру.
Бұл туралы ақпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, елімізде республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам қауіпті учаске бар. Онда көбіне малдың жол бойына шығып кетуі жиі тіркеледі. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары көбейіп кеткен. Министрлік осы жайттың алдын алу үшін енді үй жануарларын жарыққа бірден шағылысып көзге түсетін таңбалармен белгілеуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар министрліктегілер республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері бойынша 1403 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болатынын да айтты. Мәліметке сүйенсек, тек биылғы 9 айдың ішінде осы колл-орталыққа 150 мыңға жуық қоңырау шалыныпты.

"Республикалық автожолдардың жанында тұратын тұрғындарға үй жануарларын таңбалау үшін жарық шағылыстырғыш ленталар мен аэрозоль беріледі. Бұл жұмыс республикалық трассаларды күтіп-ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады,"— делінген министрлік ақпаратында.