Алматы мәслихатында сөзге тілі келмей боқтап жіберген депутатқа айыппұл салынды

1 627

Фото: жеке парақшасынанЖиналыс кезінде сөз арасында боқтап жіберген Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке айыппұл салынды. Сонымен қоса оған мәслихат тарапынан сөгіс берілгені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы қаласы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.


Өзінің Instagram парақшасында ол қателіктер үшін "барлығы жауапкершілікті өз мойнына алу керек және бұл заң алдында бәрі бірдей екендігінің жақсы үлгісі" деп жазған.


Сонымен ол алдағы уақытта экологиялық мәселелерге қатысты жұмыстарын жалғастыратынын айтады.

Бұған дейін Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.


“Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді”, – делінген пікірде.