Сіңілісі әпкесінің 6 жасар қызын жылап оянғаны үшін өлтіріп тастаған

1 481

Фото: istockphoto.com30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 6 жасар қыздың аяқ-қолын байлап, ұрып-соғып, артынан су толы ваннаға тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жантүршігерлік оқиға Шымкентте 2024 жылы болған. Әйелдің қатты соққысынан балақай есінен танып құлаған. Соңында ол туған әпкесінің баласын су толтырылған ваннаға жатқызып, тұншықтырып өлтірген. Айыпталушы сотта қасақана жасаған әрекетін мойындамай, тіпті жеңіл жаза беруді сұраған. 

Прокурор әйелге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады, – делінген Шымкент қалалық сотының хабарламасында.

 Сот қылмыскер әйелдің жеңілдік сұраған өтінішін қабылдаған жоқ. Оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Енді ол 50 жасқа дейін жазасын қатаңдығы орташа мекемеде өтейді. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.