Екінші АЭС-ті қытайлық компания салатын болды

1 574

Фото: istockphoto.comҚазақстанда салынатын екінші атом электр станциясын жүзеге асыруға жауапты консорциумға Қытайдың CNNC (Қытай Ұлттық ядролық корпорациясы) компаниясы жетекшілік етеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша тізімге енгізілген қатысушылардың барлығында бірегей технологиялар бар. Дегенмен, ең жақсы ұсыныстар Қытай мен Ресей компанияларынан түскен.

"Қытаймен ядролық саладағы ынтымақтастық туралы жеке келісімге қол қою жоспарланып жатыр. Тағы бір АЭС салу үшін Қытай технологияларын Қазақстанда көргіміз келеді. Объективті түрде айтсақ, әлемде ядролық циклді өз бетімен игере алатын елдер көп емес.  Әрине, Қытай барлық қажетті технологиялары, өнеркәсіптік базасы бар елдердің бірі. Біздің келесі басты басымдығымыз – Қытаймен ынтымақтастық",  – деді Сәтқалиев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.