Дәрігерлер 6 жасар қыздың асқазанынан бір килограмм шаш алып шықты
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі ота жасап, 6 жасар қыздың асқазанынан бір килограмм шаш алып шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, асқазанынан көптеген бөгде зат табылған қыз жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне жеткізілген. Анасының айтуы бойынша, бала ішінің ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданған әрі салмақ тастай бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайлар балаларды қараусыз қалдырған кезде болады: олар әр түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ағзаға зиянды заттар жиналады.