"Балаларымыздың ұйықтағанда құлақтарына кіріп кетпесін деп күзетеміз": Атырау обылысын құрт басып жатыр
196
Атырауда қаптаған жұлдызқұрттармен әлі күресе алмай отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігіStan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атырау облысының шаруалары мен тұрғындарында бір айдан бері маза кеткен. Алғашында облыстың екі ауданын ғана жаулап алған жұлдызқұрттар, енді үшіншң ауданға да жеткен. Алдымен тек өсімдіктерді жеп, енді үйлердің сыртына да толып кеткен.
Атырау облысында құрттар көптен бері кездеспеген. Соңғы айларда жауған жаңбырдан кейін, жұлдызқұрттар мен көбелек құрттары бірден көбейіп кеткен. Тұрғындар құртпен күресе алмай отырған әкімдікке наразы.
Облыста құрттың көбейіп кеткенін облыс әкімі Серік Шәпкенов те мойындап отыр.
Мамандардың айтуынша, құрттың қаптап кетуі Атырау облысында 30 жылдан бері болмаған. Сол себепті өткен жылы құрттарды улау жұмыстары тоқтатылып тасталған.
Облыста 300-ден аса егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар болса, оның 100-ге жуығы құрт көбелектен зардап шегуде.

“Ұйқыдан қалдық. Үйімнің сыртында толып, тіпті шатырға дейін мініп алған. Не өлмейді, не кетпейді. Балалар да далағе ойнаудан қалды. Түнде құлақтарына кіріп кетпесін деп, күзетіп жатамыз. Психологиялық ауру пайда болды”, - дейді Махамбет ауданының тұрғыны Гүлжамал Айтбаева.
Атырау облысында құрттар көптен бері кездеспеген. Соңғы айларда жауған жаңбырдан кейін, жұлдызқұрттар мен көбелек құрттары бірден көбейіп кеткен. Тұрғындар құртпен күресе алмай отырған әкімдікке наразы.
“Басында шығып жатқанда улап тастау керек еді. Енді толып кетті, тіпті жұмыртқалап тастаған болар. Егінді жеп бітірді, шаруаларға обал. Көктемде еңбектеніп салды, бірақ құрттар дәндерді жеп кетті”, - дейді Құрманғазы ауданының тұрғыны Асхат Табылдиев.
Облыста құрттың көбейіп кеткенін облыс әкімі Серік Шәпкенов те мойындап отыр.
“Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайы орын алуда. Осыған байланысты салаға жауапты орынбасарыма нақты тапсырма бердім. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша аудандарда жедел жұмыстарды ұйымдастырып, улау жұмыстарын жүргізетін мекеме мен арнайы мамандар шақыру қажет. Олар тез арада жұмысқа кірісуі тиіс”, - дейді Серік Шәпкенов.
Мамандардың айтуынша, құрттың қаптап кетуі Атырау облысында 30 жылдан бері болмаған. Сол себепті өткен жылы құрттарды улау жұмыстары тоқтатылып тасталған.
“Қазір Батыс Қазақстан облысынан улау жұмыстарын жүргізетін арнайы мекеме мен мамандар шақырылды. Жұмыс басталды. Қанша гектар жерге жайылып кеткені белгісіз, ол анықталуда. Біздің қазір бірінші мақсатымыз - егіншілердің егінін, одан кейін жайылымдарды қорғау. Жалпы құрт көбелектер 2020 жылға дейін өңделетін зиянкес жәндіктердің тізбесінде болды. Сол жылы оны тізбеден алып тастады. Биылдан бастап қайта қосу қарастырылып жатыр. Егер қолданысқа енгізілетін болса, жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылады”, - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Нұрлыбаев.
Облыста 300-ден аса егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар болса, оның 100-ге жуығы құрт көбелектен зардап шегуде.