Теміржол қызметкері есірткі өсіргені үшін сотталды

1 337

Фото: istockphoto.comШҚО-ның үш тұрғыны есірткі өсімдігін заңсыз өсіргені үшін 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы жылдың тамыз айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын егіп, өсірумен айналысқан 3 адамнан тұратын топты ұстады.

Олардың бірі - теміржолшы болып жұмыс істеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз айналымнан 42 келі марихуана тәркіленді.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен күдіктілер 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.