Жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кеткен

1 513

Сурет: ©instagram.com/kris_p_almataАлматыдағы Әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып өлтірді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 25 -ші наурызда, сағат 22:50 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.

"Әл-Фараби көшесімен шығысқа қарай жүріп келе жатқан Mitsubishi Delica жүргізушісі Розыбакиев көшесімен қиылыста солтүстікке қарай жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді Полиция департаменті өкілдері.

Адам өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.