Мемлекеттік қызметкерлерге қымбат көліктері мен сәнді ғимараттарын желілерге жүктеуге тыйым салынбақ
970
Мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде парақша жүргізуіне шектеулер қойылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, мемлекеттік қызметшілердің жеке парақшасын жүргізуінде бірқатар шектеу бар.
Сонымен қатар, ол аталған шектеулерден басқа, Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін ақпаратты, тыйым салынған заттарды қолдану арқылы әдепсіз мінез-құлықты көрсететін фотосуреттерді жарияламауы және нақты діни ұстанымдарын көрсетпеуі тиіс екенін ескертті.

Әлеуметтік желілердегі парақшалардың мазмұнына қатысты азаматтарды арандатпауға және мемлекеттік органдарға деген сенімге нұқсан келтірмеуі тиіс тұстар бар. Мемлекеттік қызметшілерге қымбат көліктердің, сәнді ғимараттардың, мейрамханалардың және тағы басқа фонында ойын-сауық орындарында түскен фотосуреттерін жариялауға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық қағидаларды ұстануы керек, - деп түсіндірді спикер.