Енді кәсіпкерлер салық есебін Kaspi Pay қосымшасымен тапсыра алады

385
Kaspi.kz мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп кәсіпкерлер үшін тағы бір онлайн сервисті іске қосты. деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер Kaspi Pay қосымшасындағы «Салық» бөлімінде 910-нысан бойынша салық есебін тапсыра алады.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, «Kaspi Pay – Kaspi.kz сайтының қазақстандық кәсіпкерлер үшін ең танымал қосымшасы».

Басты мақсатымыз – кәсіпкерлердің өмірін жеңілдету әрі жақсарту. Біздің жаңа «Салық есебі» сервисінің көмегімен жеке кәсіпкерлер енді салық есебін онлайн, жылдам әрі оңай тапсыра алады. Командаларымыз бірлесіп әзірлеген тағы бір табысты сервис үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ ҰАТ АҚ пен Цифрландыру министрлігіне рақмет айтамыз!, - Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Өз кезегінде, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары «Мемлекеттік кірістер комитеті Kaspi Pay платформасында екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық аясында, шағын кәсіпкерлік субъектілері 910.00 нысан бойынша салық есептілігін қабылдау үшін.

"Бұл сервис салықты есептеуге, есептілікті жасауға және ұсынуға жұмсалатын уақытты үнемдей отырып, салық міндеттемелерін жылдам, қолжетімді, уақтылы орындауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ынтымақтастық қолайлы жағдай жасап, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарта отырып, жалғасын табады, - Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.

Жаңа сервистің көмегімен бухгалтер немесе кәсіпкердің өзі есепті қосымшаның өзінде жасақтай алады және растаған соң есеп МКК-ге автоматты түрде жіберіледі.

Жақын арадағы есепті - 15 ақпанға дейін 2022 жылдың екінші жартыжылдығы үшін тапсыру керек.
Келесі есепті – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін – 15 тамызға дейін тапсыру керек.