Мұғалім мектеп ауласында асылып өлді

668

Қырғызстанда мұғалім мектептердің бірінің ауласында асылып өлді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап. 


5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылды.


ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің подъезінде өз-өзіне қол жұмсаған.


"37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.