Қызылордада қос ҚАЖ қызметкерін зейнеткерлікке шығарып салды

1 107

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 20 жылға жуық жемісті қызмет еткен қос  қызметкер, әділет майоры Дайрабаев Қанат Молдабайұлы мен әділет старшинасы   Тұрсынов  Бақытжан Көбекұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға мекеме басшылығы, ҚАЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Шәкіұлы және мекеме қызметкерлері қатысты. Шараны мекеме бастығы әділет майоры Битаев Абай Есенгелдіұлы ашып, ҚАЖ саласының дамуына үлесін қосқан, жас қызметкерлерге жол көрсетіп тәлімгер де болған Қанат Молдабайұлының жас мамандарға үлгі боларлықтай, қызметіне адал атқарғандығын атап өтті. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада қызмет етіп, зейнеткерлікке шығу үлкен абырой. Әділет майоры Дайрабаев Қанат мекеме бастығының орынбасары қызметіне дейінгі 18 жылын осы салаға арнады. Қанат Молдабайұлы қатардағы қызметкерден бастап,  режим бөлімінің жедел уәкілі, тәрбие бөлімінің бастығы , мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көтерілді.  Ал Бақытжан Көбекұлы еңбек жолын 2008 жылы осы мекемеде бақылаушы –маман қызметінен бастаған. 2018 жылдан бері №37 мекемесінің Бақылаушылар қызметі бөлімінің наряд бастығы лауазымында  қызмет атқарған. Өз қызметтеріне адал қос қызметкер өздеріне жүктелген қызметтік міндетті абыроймен атқарып, қызмет барысында жас қызметкерлерге тәрбиелік мәнді жұмыстар жүргізіп, сауатты шешім таба білді.

Зейнетке шығарып салу кешінде мекеме басшылығы, ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Талғат Шәкіұлы және әріптестері Қанат Молдабайұлы мен Бақытжан Көбекұлын зейнеткерлік жасымен құттықтап, қылмыстық-атқару жүйесіне арнаған адал еңбектеріне алғыс білдіріп, иықтарына шапан жауып, естелік сыйлықтар табыс етті.