Сыр өңірінде облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

132

Қызылорда облысының қоғамдық даму, білім басқармалары және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен Облыстық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шарада аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінде топ жарған 135 жас сарбаздан құралған 9 команда жиынның облыстық кезеңінде өзара бақ сынады. 


Жиында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Есмаханов сайысқа қатысушы жас сарбаздарға шынайы лебізін білдіріп, республикалық жиында Сыр елінің намысын қорғайтын қатысушыларға сәттілік тіледі.


Сондай-ақ, жиынның салтанатты ашылу рәсімінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М. Ршауов барлық қатысушыларға ақ баталарын берді.


Айта кету керек, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жиынға биыл алғаш рет Байқоңыр қаласында орналасқан орта мектеп оқушыларынан құралған команда қатысты.


7 кезеңнен тұратын облыстық турнирде ең жоғары балл жинаған команда ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды облысы, Спасск қаласында өтетін  республикалық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиына қатысатын болады.


Жиын барысында қатысушыларға  «ҚР Қорғаныс министрлігінің №66597 әскери бөлім» РММ қызметінде қолданылатын қару-жарақтарының таныстырылымы өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.