Көпқабатты тұрғын үйдің лифті құлап, 6 адам зардап шекті

1 616

Фото: AstanatvСемейде көпқабатты үйлердің бірінде алты адам мінген лифт құлап кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қала әкімдігінің дерегіне сүйенсек, лифт мінген адамдарды көтере алмай құлап, 6 адам да зардап шекті.


“Оқиға 8 мамыр күні сағат 11:40 шамасында лифтке алты адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген шекті салмақтан асып кеткендіктен, лифт кабельдері ұстап тұра алмай, кабина шахтаға құлап кетті”, – деді Семей әкімдігінің баспасөз қызметі.


Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғадан қаза тапқандар жоқ.


Абай облыстық полиция департаменті лифт құлауына байланысты адамдардың жарақаттануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады. Сонымен қатар қалада мессенджерлер арқылы аудио хабарлама тарағаны, онда зардап шеккендердің бірі қайтыс болғаны айтылады. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.


“Қазір ауруханаларда алты зардап шеккен адам бар. Лифтте қаза тапқандарға қатысты WhatsApp чаттарында тараған ақпарат шындыққа жанаспайды”, – делінген полиция хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.