Ұлттық ұлан әскери бөлімінде 58 сарбаз қаза тапқан
Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов 3,9 жылда Ұлттық ұлан қатарында 11 сарбаз қаза тапқанын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Баяндама жасаған Үмбетов өз сөзінде соңғы үш жыл мен 2024 жылдың 9 айында Ұлттық ұлан қатарында 58 әскери қызметші қаза тапқанын, бірақ, оның бәрі сарбаз емес және жұмыста қаза таппағанын алға тарта берді.
Үмбетов айтқандай, 2022 жылы екі сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан. Бір сарбаз, яғни, Алматы қаласында орналасқан 5574 әскери бөлімінің сарбазы Алмаз Шахимов Ұлттық ұланның әуел баста берген мәліметі бойынша үстіне шатыр құлап қаза тапқан.
Алайда, анасы оның сүйегін қазып алып, зерттеу жүргізгенде, ұлының денесіне әлдекімдер пышақ сұққанын және темекі іздері барын анықтаған.
Үмбетовтің сөзіне сенсек, 3,9 жыл кезінде Ұлттық ұланның қатарындағы 29 әскери қызметші аурудан қаза тапқан.
Айта кетейік, Ұлттық ұлан дегеніміз - Қазақстан ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіретін әскер.
Төрт жыл ішінде Ұлттық ұланға және өзге де әскери құрамаларға борышын өтеуге барған 310 сарбаз бақилық болған.