Қазалы ауданында 45 жылдық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден өтуде

2 333

Фото: facebook.com/kazaly.audanyБиыл Қазалы ауданында білім беру саласын дамыту бағытында нақты шаралар қолға алынып отыр. Соның аясында Әйтеке би кентінде орналасқан, жарты ғасырға жуық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №234 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

45 жылдық тарихы бар бұл білім ордасы бірнеше буын ұрпақтың сапалы білім алып, өмірге жолдама алған киелі шаңырақ. Уақыт өте келе ғимараттың тозығы жеткені ескеріліп, биыл облыстық бюджеттен 457,1 миллион теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеуге шешім қабылданды.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарының бас мердігері ретінде – «Конструктив LTD» ЖШС анықталды. Келісімшарт құны 429,3 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Күрделі жөндеу аясында:

  • мектептің шатыры толықтай жаңартылуда,
  • еден төсеніштері мен ішкі инженерлік желілері (соның ішінде электр жүйесі) ауыстырылуда,
  • қабырғалар сыланып, сыртқы қасбеті металл сайдингпен қапталуда,
  • санитарлық-техникалық тораптар мен жылу жүйелеріне де заманауи стандарттарға сай жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарының сапасына аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары тұрақты бақылау жүргізуде. Барлық жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтап, жаңа 2025–2026 оқу жылына дейін толық дайын күйінде тапсыру жоспарланған.

Бұл жоба – Қазалы ауданындағы білім беру нысандарын жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жөндеу аяқталған соң, мектеп заманауи талаптарға сай жаңарып, оқушылар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасады деп күтілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.