Жол апатынан жүргізуші қаза тапқан

1 510

Фото: ИА "NewTimes.kz"Талдықорған маңындағы тас жолда  өлімге әкелген жол-көлік оқиғасы болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты Талдықорған – Қарабұлақ бағытындағы автожолда болған. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алған. Бес зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Кейін белгілі болғандай, Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмған.

Аталған дерек бойынша Талдықорған – Текелі автожолында полиция қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі таңда барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатына жылдамдық режимін асыру және жол қозғалысы ережелерін сақтамау себеп болған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және қала сыртындағы тас жолдарда аса мұқият болуға шақырады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.