Нөсер мен бұршақ жауып, ыстықтың беті қайтады
5–7 маусым күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жаңа циклон келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің хабарлауынша, ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендеп, күн суытады. Қазақстан аумағында тұрақты жазғы жылу әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл жағдайға себеп – ел аумағы арқылы жиі өтіп жатқан циклондар. Олармен бірге атмосфералық фронттар келіп, ауа райының құбылмалы болуына әсер етуде.
Мамандар алдағы күндері де жауын-шашын, найзағай және ауа температурасының төмендеуі байқалуы мүмкін екенін ескертеді.







