Қуат Хамитов ота жасатты

373
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов мұрнына ота жасатты. Ол ұзақ жылдар бойы дұрыс дем ала алмай жүрген.

Белгілі спортшы ота кезіндегі және кейінгі суреттерімен Instagram парақшасында бөлісті. 
Видео кадрларынан Қуат Хамитовтің ота үстелінде жатқанын аңғаруға болады. 

Ал отадан кейінгі суреттердің бірінде спортшының мұрны байланғанын, ал екіншісінде құлағындағы тігістерді байқауға болады.
 
"Ота сәтті өтті. Бір айдан соң қатардан көрінеміз, иншаалла", - деп жазды ол.

Көпшілік аралас жекпе-жек шеберіне тезірек сауығып кетуін тіледі. Еске сала кетейік, осыған дейін Қуат Хамитов сегіз жыл бойы дұрыс дем ала алмай жүргенін, алдағы уақытта ота жасауға ниетті екенін айтқан еді.