Мектеп оқушысы жанжал кезінде қарсыласына пышақ сұғып алған

1 622

Фото: Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіӨскемендегі мектептердің біріндегі жанжал кезінде мектеп оқушысы қарсыласына пышақ сұғып алған. Шабуыл жасаған оқушы өзін де жарақаттаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


"Жанжал облыс орталығындағы орта мектептердің бірінде болды, оқушылар ұрысып қалып, сол кезде олардың бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласын және өзінің денесін жарақаттаған", - деп хабарлады полиция.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнекамера жазбаларын қарап жатыр. Облыстық полиция департаменті мектепте қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.