Ақтөбе облысында балабақша есепшілері ақша жымқырған
183
Шымкентте және Ақтөбе облысында балабақшаның бас есепшілері өзіне және мекемеде жұмыс істемейтін туыстарына ақша аударып келген. Бұл туралы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров мәлім етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, комитетке келіп түскен өтініштердің көбіне тиісті жауап берілді.
«Биыл жыл басынан бері біздің комитетке түрлі сала бойынша 30 мыңға дейін өтініш келіп түсті. Оның ішінде 22 мыңнан астам өтініш мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысты. Сол сияқты 5 мыңнан астам жеке тұлға өтініш қалдырды. Одан бөлек, 100-ден астам ұжымдық өтініш болды. Өтініштердің дені әлеуметтік, құрылыс, білім беру, көлік және медицина саласы бойынша бюджет қаржысын жұмсау мәселесіне қатысты», - деді Ержан Мыңжасаров Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, комитетке келіп түскен өтініштердің көбіне тиісті жауап берілді.
«Мысал келтірсем, Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысындағы балабақшаның бас бухгалтерлері ақшаны қолма-қол алу мақсатында 19 млн теңгені өз атына және балабақшада жұмыс істемейтін туыстарына негізсіз аударған фактісі анықталды. Қабылданған шара нәтижесінде аталған соманың 5 млн теңгесі өтелді. Ал, аудит материалы экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - дейді ол.