"Кореядан келген құрбымнан ұялдым": Ауруханалардың жағдайы көпшілікті шошытты

1 544

Фото: Видеодан скринҚостанай облыстық балалар ауруханасының жағдайы шетелдік қонақты таңғалдырды. Бұл туралы қостанайлық тұрғын Threads желісінде жазып, Кореядан келген құрбысын ауруханаға апарғанда ғимараттың тозығы жеткеніне қатты ұялғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, аурухананың қабырғалары ылғалдан сарғайып, төбесі мен баспалдақтары қирап жатыр. Шетелдік қонақ мұндай жағдайда балалардың емделіп жатқанына сену қиын екенін жеткізген.

Аталған жағдайға қатысты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. Басқарма мәліметінше, балалар ауруханасының жекелеген корпустарында 2023–2024 жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал Быковский көшесіндегі бір корпусқа жөндеу жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Дегенмен аурухананың жағдайына байланысты қызметтік тексеру жүргізілмеген.

Сонымен қатар Threads желісінде Астанадағы №3 көпбейінді қалалық аурухананың да тозығы жеткені көрсетілген видео тарады. Пайдаланушылар ғимараттың қабырғалары мен жиһаздарының қирағанын айтып, науқастарды мұндай жағдайда емдеу адам төзгісіз екенін жазды. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы ауруханада қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Желі қолданушылары екі ауруханада да білікті дәрігерлер бар екенін атап өтіп, алайда медициналық мекемелердің ғимараттары әбден ескіргенін айтып, күрделі жөндеу жүргізуді талап етуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.