ҚТЖ қызметкерлерінің ай сайын миллиардтаған пара алып отырғаны анықталды
230
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жемқорлық тәуекелдеріне байланысты тергеу басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті
Оның айтуынша, сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізілген жүйелі сарапатама нәтижесінде жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Оның айтуынша, сондықтан адамдар вагон алу үшін пара беруге мәжбүр болады.
Саян Ахметжановтың мәліметі бойынша, елімізде айына орташа есеппен ҚТЖ 400 мың жүк тиелген вагон қызметін үсынады. Ал бұл орайда заңсыз сыйақы мөлшері айына бірнеше миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Анықталған деректер бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл проблеманы ҚТЖ басшылығымен, бизнес қоғамдастықпен талқылаған.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы менеджментімен бірге жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі сараптама жүргізілді. Бұл сала өте маңызды әрі соңғы 5 жылда осы салада 139 қылмыстық іс тіркелген, — деді Саян Ахметжанов.
Оның айтуынша, сарапшылық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізілген жүйелі сарапатама нәтижесінде жемқорлық тәуекелдері анықталған.
Жүктерді тасымалдау барысындағы жемқорлық жоспары белгілі болды. "Қазақстан темір жолы" компаниясының қызметкерлері автоматтандырудың жоқтығын және құқықтық актілердің жетілдірілмегенін пайдаланып, әкімшілік кедергілерді қолдан жасайды, — дейді Превенция қызметінің басшысы.